Halyq Uni логотип
×

20 млрд теңге: Қарағанды қаласының әкімдігі инвестордың жұмысына кедергі келтірген

Прокуратура заңсыз шешімнің күшін жойды

 Динара Амантай 21.12.2023 | 12:35
20 млрд теңге: Қарағанды қаласының әкімдігі инвестордың жұмысына кедергі келтірген
Фото: Halyq Uni

Қарағанды қаласының әкімдігі инвестордың жұмысына кедергі келтірген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Прокуратураның фронт-кеңсесі инвестор QAZCLINKER ЖШС-нің Қарағанды қаласында 200 жұмыс орнын құрумен құны 20 млрд теңгеге клинкер плиткаларын өндіру бойынша инвестициялық жобаны іске асырып жатқанын анықтады.

2023 жылғы 9 қарашада Қарағанды қаласының әкімдігі инвестордың жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішін қанғаттандырудан заңсыз бас тартқан. Қарағанды облысы прокуратурасының наразылығы бойынша әкімдіктің бас тарту туралы заңсыз шешімі жойылып, жер телімінің нысаналы мақсаты өзгертілді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Осының нәтижесінде инвестор жоба бойынша жұмыстарын іске асыруды жалғастыруға мүмкіндік алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама