Ревакцинациядан өтуге тиіс адамдардың тізімі шықты
Қаулы 25 мамырдан бастап күшіне енеді
Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирусқа қарсы ревакцинация туралы жаңа қаулыға қол қойды.
«Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы №2 қаулысына өзгеріс енгізілген.
Жаңа қаулыға сәйкес, КВИ-ға қарсы ревакцинация екпенің толық курсын алған адамдарға және бұрын коронавирусқа қарсы профилактикалық екпе жасап, 6 ай аралықтан кейін бірінші ревакцинацияны алған адамдарға жүргізіледі.
Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар КВИ-ге қарсы ревакцинация алуы керек.
Коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары төмендегі адамдар қайта вакцинацияланады:
- медицина қызметкерлері;
- медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы;
- күш құрылымдарының қызметкерлері;
- педагогтар;
- пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйе мекемелерінің контингенті;
- 50 жастан асқан адамдар.