Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

Халық үні

«Қазгидромет» РМК 21-23 желтоқсанға ауа райы болжамын жариялады.

фото: Halyq Uni

«Қазгидромет» РМК 21-23 желтоқсанға ауа райы болжамын жариялады.

Кезеңнің басында республиканың солтүстік және шығыс бөлігінде, сондай-ақ орталығында атмосфералық фронттардың өтуімен түнде қар, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), түнде солтүстік пен шығыста қатты қар күтіледі. 23 желтоқсанда Атлантикалық циклонның әсерінен Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.

Республика бойынша көктайғақ, бұрқасын күтіледі және жел 15-20, екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді, сондай-ақ тұман болжанады. Алайда ауа температурасында күрт өзгерістер күтілмейді.