77 мектептің компьютерлеріне тиісті бұғаттау қойылды
Түркістан облысында 4 мектеп директоры жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Сарыағаш аудандық прокуратурасы аудан аумағындағы мектептердегі интернет желілеріне қосылған компьютерлерге тексеру жүргізу барысында тыйым салынған сайттарға (порнографиялық, букмекерлік ойындар және т.б.) кіруге кедергі жасалмағанын анықтады.
Аталған кемшіліктердің салдарынан информатика пәні бойынша сабақтар кезінде оқушылар интернет арқылы тыйым салынған сайттарға кірген.
Сарыағаш аудандық прокуратурасымен енгізілген прокурорлық қадағалау актісі негізінде 77 мектептің компьютерлеріне тиісті бұғаттау қойылып, кінәлі тұлғалар (4 мектеп директоры) тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.