Леон Эдвардс 23 айқаста жеңген
Жартылай орта салмақта UFC чемпионы, тегі Ямайкадан шыққан ұлыбританиялық Леон Эдвардс келесі қарсыласының атын атады. Ол Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке келісімін берді.
17 желтоқсанда Лас-Вегаста болған UFC 296 турнирінде Эдвардс америкалық Колби Ковингтонды (17-4) жеңіп, титулын қорғап қалды. Оның келесі қарсыласы америкалық Белал Мухаммад (23-3) болуы мүмкін. Ал одан кейін ол Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке шыққысы келетінін айтты.
Маған десеңіз бар ғой, кіммен жекпе-жекке шығатыным бәрібір! UFC не шешсе, сол болады. Шавкат та болуы мүмкін. Егер онымен жекпе-жек болса, октагонда нағыз төбелес болады. Мен айқасқа бәрімен шыға беремін. Қазір Леон Эдвардстың заманы, – деді ол TNT Sports арнасына берген сұхбатында.
Рахмонов та 17 желтоқсанда америкалық Стивен Томпсонды жеңгеннен кейін UFC чемпионы болғысы келетінін жасырмады. Қазір Шавкатта 18 жеңіс бар. Ол 18 жекпе-жектің бәрінде жеңген. Ал Эдвардс 23 рет жеңіп, 3 рет жеңілген. Ол рейтингте 4-орында тұр. Ал Рахмонов Томпсонды жеңгеннен кейін 3-орынға шықты.