Halyq Uni логотип
×

Кейбір облыстық ЖЭО-да технологиялық бұзушылықтар тіркелді

Оларды жою үшін барлық қажетті материалдар, сондай-ақ персонал толық көлемде бар

 Динара Амантай 20.12.2023 | 10:08
Кейбір облыстық ЖЭО-да технологиялық бұзушылықтар тіркелді
Фото: Halyq Uni

Кейбір облыста5s жылумен жабдықтау объектілерінде технологиялық бұзушылықтар тіркелді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазір Жезқазған және Кентау жылу электр орталықтарында резервтік қазандықтар бір күн бұрын іске қосылды. Ал Риддер ЖЭО-да температураның бекітілген кестеден төмендеуі тіркелген жоқ.

ЖЭО-дағы бұзушылықтарды жою үшін барлық қажетті материалдар, сондай-ақ персонал толық көлемде бар.

Жалпы, республика бойынша электр станцияларында 8 энергоблок, 43 қазандық және осындай 43 турбинаға жөндеу жасалды. Көмір қоры – 4,9 млн тонна, бұл – өткен жылғы деңгейден 67% артық. 108 мың тонна мазут жиналды. Барлық ЖЭО-да отынның нормативтік қоры бар.

Энергетика министрлігі 2023 жылғы 1 маусымнан бастап электр энергиясын өндіруге арналған шекті тарифті түзетуді жүргізді. Бұл шара электр станцияларын жөндеуге 146,5 млрд теңге көлемінде қаржы көлемін тартуға мүмкіндік берді.

Мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде жекелеген жылу көздерін жылыту маусымына дайындау үшін Үкімет резервінен Риддер және Екібастұз қалаларының ЖЭО, Ақтау қаласының энергия көздері үшін күрделі жөндеу, реконструкциялау және қажетті жабдықтарды сатып алуға қаражат бөлінді. Атап айтқанда, Көкшетау қаласының қазандығын жөндеуге 21,5 млрд теңге бөлінді. Бұл барлық негізгі жабдықтарды күрделі жөндеуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ Кентау қаласының ЖЭО-сын жөндеуге облыстық бюджеттен 3,7 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, электр станцияларының иелері шамамен 16,5 млрд теңгені тікелей салған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама