Halyq Uni логотип
×

Биыл денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2,5 трлн теңге бөлінді

Үкімет осы салада қол жеткізілген нәтижелерді жариялады

 Динара Амантай 20.12.2023 | 09:01
Биыл денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2,5 трлн теңге бөлінді
Фото: primeminister.kz

Биыл республика өңірлерінде 90 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынды. Оның 59-ы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде іске қосылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

80 медициналық мекеме жөнделіп, 4 көпсалалы орталық аудандық аурухананы күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Стационарларда 3 млн-ға жуық адам көмек алды. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек желісі 90 млн-нан астам адамды қабылдады. 360 мыңнан астам нәресте (11 айдың қорытындысы бойынша) дүниеге келді. Жедел медициналық жәрдем күштерімен 8 млн шақырту бойынша көмек көрсетілді.

Биыл денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру 2,5 трлн теңге болды. Барлығы 3,9 млн пациент дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. ҚР медициналық мекемелері үшін 58,8 млрд теңгеге 514 медициналық техника сатып алынды. 2023 жылы көрсетілген консультациялық-диагностикалық қызметтердің саны 2,5 есе артып, 324 млн-нан асты.

Жалпы, профилактикалық тексерулермен шамамен 2,6 млн ауыл тұрғыны қамтылды.

Медициналық пойыздар шеңберінде 50 мыңнан астам адам қызмет алды. Елімізде трансплантология, кардиохирургия, онкология, инновациялық жасушалық технологиялар саласында 80 жаңа технология енгізіліп, олар бойынша 20 мыңға жуық адам емделді.

Дәрігерлерге, оның ішінде аса тапшы мамандықтар бойынша қажеттілікті қамтамасыз ету үшін 2023 жылы республикалық бюджет есебінен 6 мыңға жуық білім беру гранты бөлінді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама