Ауданда бесжұлдызды қонақүй салынуы мүмкін
Көлік министрі Марат Қарабаев Катонқарағай ауданында әуежай қандай жағдайда салынатынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Министрдің пікірінше, жоба республикалық бюджеттен қаржыландырылуы мүмкін.
«Бұл – туристік бағыттағы жоба. Алайда инвесторлар үшін әлі де тартымды бағыт емес. Сондықтан қаржыландыру көзі тек республикалық бюджеттен болады. Бүгінде ол жақта (Катонқарағай ауданында) бір компания бесжұлдызды қонақүй саламын деп жоспарлап отыр. Сондай жоспар болса, онда болады. Себебі, Катонқарағайдағы туризм – маусымдық бизнес. Егер компаниялар келіп, үлкен қонақүй салынса, туризм жыл бойы жұмыс істесе, республикалық бюджеттен ұшу-қону жолағын да салуға, терминал салуға қаражат бөлуге дайынбыз», - деді Марат Қарабаев Үкіметтің баспасөз орталығында.