Halyq Uni логотип
×

Жаңа әлеуметтік маңызы бар қала маңы маршруттары іске қосылды

Электр пойызы сейсенбіден басқа күндері аптасына 6 рет жүреді

 Динара Амантай 19.12.2023 | 17:08
Жаңа әлеуметтік маңызы бар қала маңы маршруттары іске қосылды
Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ №6834/6833 «Шар – Семей» және №6824/6823 «Ақтоғай – Аягөз» жаңа әлеуметтік маңызы бар қала маңы маршруттарын іске қосты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, №6834/6833 «Шар – Семей» электр пойызы сейсенбіден басқа күндері аптасына 6 рет жүреді. Билет құны – 557 теңге. Шардан жолға шығу уақыты – 06 сағат 25 минут және Семей қаласына келу – 09 сағат 14 минут. Кері бағытта пойыз сағат 17:42-де жөнелтіледі және Шар станциясына сағат 20:19-да келеді.

«Ақтоғай – Аягөз» бағытындағы №6824/6823 қала маңы пойызы сейсенбі мен сәрсенбіден басқа, аптасына 5 рет жүреді. Билет құны – 650 теңге. Ақтоғайдан сағат 06:35-те шығады және Аягөзге келу уақыты – сағат 09:11. Кері бағытта пойыз сағат 17:00-де жөнелтіледі және Ақтоғайға сағат 19:45-те келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама