«Канело» Головкинмен үшінші рет қашан жұдырықтасатынын айтты
Мексикалық боксшы ресми мәлімдеме жасады
Мексикалық кәсіпқой боксшы Сауль «Канело» Альварес отандасымыз Генадий Головкинмен үшінші рет жекпе-жекке шығатыны туралы ресми мәлімдеді.
«Жақын күндері біз жекпе-жек туралы хабайлайтын боламыз. Әрине, Головкинге қарсы жекпе-жек алдында келісілгендей қыркүйек айында болады. Сонымен қатар сәл кейін Биволмен де реванш өткізетін боламын», - деді «Канело» баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, Қазақстандық боксшы GGG мен Канело арасындағы бұған дейінгі екі жекпе-жек те Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтті.
Бірінші жекпе-жек тең есеппен және ал екінші төрешілердің көпшілік шешімімен Альварестің жеңісімен аяқталды.