Елге шетелдік көлікті әкелерде электронды төлқұжат жүйесінен ақпарат қажет емес
Қаулы 2023 жылғы 8 желтоқсанда күшіне енді
Үкімет басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген көліктерді Қазақстан аумағына әкелу ережелері мен талаптарына тиісті толықтыру енгізді.
Қағидаларға енгізілген өзгерістерге сәйкес, шетелдік автокөлікті Қазақстанға әкелу үшін оның электронды төлқұжат жүйесінен мәліметтер уақытша талап етілмейді.
Бұл шара Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет көліктері электронды паспорттық жүйелерінің (көлік шассиінің паспорттары) және өзі жүретін көліктердің электронды паспорттарының, басқа да техника түрлерінің интеграциялық процестері аяқталғанға дейін енгізіліп жатыр, - делінген хабарламада.
Қаулы 2023 жылғы 8 желтоқсанда күшіне енді.