Halyq Uni логотип
×

Қазақстандықтар үшін Ресей азаматтығын алу жеңілдеді

Заң күшіне енді

 Дәурен Ерболат 19.12.2023 | 10:56
Қазақстандықтар үшін Ресей азаматтығын алу жеңілдеді
Фото: gov.kz

РФ президенті Владимир Путин Қазақстан, Беларусь пен Молдава азаматтары үшін Ресей азаматтығын жеңіл түрде алуға мүмкіндік беретін Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кремльдің мәліметінше, құжат қажет талаптарды сақтамай-ақ осы 3 мемлекеттің кәмелетке толған азаматтарына Ресей азаматтығын алуға мүмкіндік береді:

  • Тұруға ықтиярхат берілген күннен бастап Ресейде тұрақты тұруға;
  • Ресей тарихы мен мемлекеттің заңнама негізін білуге.

Бірақ РФ азаматтығын алғысы келген адам орыс тілін білетінін дәлелдеуі қажет.

Құжат 18 желтоқсаннан бастап күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама