Аудит 17-24 желтоқсан аралығында өтеді
Қытайлық мамандар ветеринариялық қызметке аудит жүргізу үшін Қазақстанға келді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Сапар аясында шетелдік делегаттар АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің өкілдерімен кездесті.
Аудит 2023 жылғы 17-24 желтоқсан аралығында өтеді. Өз тарапынан Қытай делегациясы келу үшін маңызды нысандарды – ветеринарлық зертханаларды, сою цехтарын және ауылшаруашылық кәсіпорындарын белгіледі. Сонымен қатар, шетелдік сарапшылар жұмыс барысымен және тәжірибесімен танысу үшін Қазақстанның ветеринария саласындағы шаруашылық кәсіпорындарына баруды ұсынды.
Айта кетсек, ветеринариялық қызмет аудиті Қазақстан мен Қытай арасындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы екіжақты ынтымақтастық аясында жүргізіліп жатыр. Бұл Қазақстанның ветеринариялық қызметінің күшті және әлсіз жақтарын анықтауға және оны жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді деп күтіледі.