Halyq Uni логотип
×

«Әдемі болып кеткен бе»: журналист 17 жыл құлдықта болған апалы-сіңлілі қыздарды сұлулық салонына апарды

Журналист мерекеде екі қыздың көңіл-күй көтеру үшін шашын әсемдеткен.

 Халық үні 18.12.2023 | 22:50
«Әдемі болып кеткен бе»: журналист 17 жыл құлдықта болған апалы-сіңлілі қыздарды сұлулық салонына апарды
Фото: massaget.kz

Түркістан облысында 17 жыл бойы еңбек құлдығында болған апалы-сіңлілі қыздарды журналист Руслан Өтепбай мереке күндері сұлулық салонына апарды. Журналист әлеуметтік желіде осы сәттен видео жариялады.

Руслан Өтепбай мерекеде екі қыздың көңіл-күйін көтеру үшін шашын әсемдеткен.

«Мереке қарсаңында Назгүл мен Құндызды сұлулық салонына апарып, шаштарын әсемдеп, қалыпқа келтіріп қайттық. Қыздар әдемі болып кеткен бе?», - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін 17 жыл құлдықта болған қыздардың аға-жеңгесіне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама