3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Ауа-райының нашарлауына (нөлден төмен температурадағы жаңбыр, көктайғақ) және жолдарды тазалауға байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы хабарлады.
Жамбыл облысында - 1 учаске (79 км)
«Алматы-Ташкент-Термез» а/ж 159-238 км, Кенен а. – Қайнар а. (Жаңа Қордай асуы) -79 км;
Шектеу барлық көлік түрлеріне қолданылады.
Ақтөбе облысында - 1 учаске (176 км)
«Самара-Шымкент» а/ж. 526-702 км. Батыс Қазақстан обл.шек - Маржанбұлақ а.-176 км;
Шектеу жүк және қоғамдық көліктер үшін қолданылады.
Батыс Қазақстан облысында - 1 учаске (132 км)
«Самара-Шымкент» а/ж. 394-526 ам. Жымпиты к. - Ақтөбе обл.шек. -132 км;
Шектеу жүк және қоғамдық көліктер үшін қолданылады.
Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 363 техника жұмылдырылды.