Өскемендегі 7 жасар қыздың өлімінен соң қараусыз жүрген 85 ит атылды

Халық үні

Биыл Өскемен қаласы бойынша 17 млн теңге бөлініп, 5 мыңнан аса қаңғыбас ит-мысық жойылған

көрнекі фото: Halyq Uni

Өскеменде қаңғыбас иттер жаппай атылып жатыр. Соңғы 2-3 күнде қараусыз жүрген 85 иттің көзі жойылған, деп хабарлайды 24.kz.

Осыдан бірнеше күн бұрын Лесхоз кентінде жеті жасар қыз баланы ит талап, кейін ол алған жарақат салдарынан қаза болған. Дегенмен, оны ит емес, қасқыр талауы мүмкін деген де болжамдар айтылып жатыр.

Ал, мамандардың айтуынша, қайғылы оқиға болған Лесхоз кенті мен сол маңдағы Степное ауылында қараусыз ит тым көбейіп кеткен. Биыл Өскемен қаласы бойынша мұндай шараға 17 млн теңге бөлініп, 5 мыңнан аса қаңғыбас ит-мысық жойылған. Дегенмен, қаңғыбас ит-мысықтардың көзін жою жұмыстары жануарларды қорғау ұйымдары өкілдерінің наразылығын тудырып жатыр.

Қаңғыбас иттер күтімсіз жүргендіктен табиғат қорғаушылары мен көптеген адамдар қарсы шығып жатыр. Сондықтан біздің ит аулайтын бригадалар міндетті түрде учаскелік инспекторлармен бірге жұмыс істейді. Өздері жалғыз жұмыс істемейді, - дейді ШҚО Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ертай Батхолдин.