Астанада бас шыршаның шамы жағылды
Шыршаны жағу салтанатына мыңдаған адам жиналды
Астанада Қазақстанның бас шыршасының шамы жағылды.
Жылдағы дәстүрге сай шырша EXPO-2017 шарының маңында орналасқан.
Жаңажылдық шыршаның биіктігі – 25 метр, ол жеңіл сәнді ойыншықтармен, өрнектермен, строб шамдарымен, түрлі-түсті гирляндамен және т.б. безендірілген. Ал ұшар басында 2 метрлік жарық диодты жұлдыз жарқырайды.
Шыршаны жағу салтанатына 5 мыңға жуық адам жиналды. Қала билігі EXPO аумағында ең үлкен мұз айдынын ашып, бірқатар мерекелік фото аймақ жасап қойған.
Осы орайда елорда тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама, жаңа жылдық жәрмеңке, слайдтар, мұз айдыны, лабиринт, фуд-корт, арнайы тақырыпқа арналған фотоаймақтар және т.б. ұйымдастырылды. Іс-шара қонақтарын «Жарты Ай адамы» түріндегі қуыршақтар, Қар ханшайымы, ергежейлілер және Щелкунчик бейнелеріндегі қуыршақтар қарсы алып, жиналғандарға ерекше көңіл күй сыйлады.
Сонымен қатар қала әкімдігі баспасөз қызметінің өкілдері 17 желтоқсанда елордадағы 5 ауданда 30-ға жуық мерекелік шырша жағылғанын, сондай-ақ мұз айдындары, слайдтар, жаңа жылдық жәрмеңке және т.б. бар қысқы мұз қалашықтар өз жұмысын бастайтынын еске салды.