Алматы облысында тауда қар көшкіні қаупі бар

Ербол Тұрымбет

Облыстық ТЖД ескертіп отыр

Фото: gov.kz

Алматы облысында алдағы 4 күнде тауларда қар көшкіні қаупі бар. Бұл туралы Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындары мен туристерді және демалушыларды алдын ала ескертіп отыр. Қауіп желтоқсанынның 18-інен 21-іне дейін сақталатыны хабарланды.

Сондықтан ТЖД азаматтардан, туристер мен демалушылардан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ, таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен тауда жүру тәртібін сақтауды сұрайды.

Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тау жотасының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 жерде көшкін қаупі бар.

Қар көшкіні негізінен температураның жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты, - делінген хабарламада.