АҚШ президентінің кортежі жол-көлік оқиғасына түсті
Оқиға сайлауалды штаб-пәтерінің алдында болған
АҚШ президенті Джо Байденнің кортежі жол-көлік оқиғасына түсті. Белгісіз жүргізуші кортеждегі жол талғамайтын көліктердің біріне келіп соққан. Ал президенттің өзі дін аман.
Ол уақытта президент Джо Байден әйелі Джилл Байденмен бірге Уилмингтон орталығындағы сайлауалды штаб-пәтерінен шығып келе жатқан еді.
Ақ үй баспасөз қызметінің мәліметінше, Делавэр штатының нөмірін таққан күміс түсті жеңіл көлік штаб кіреьерісінің қарсы бетіндегі көшелер қиылысында кортежді қорғаштап тұрған көлікке соққан сияқты.
Журналистердің хабарлауынша, соққының даусы қатты шыққан, бұл уақытта АҚШ президенті өз көлігінің қасында таңырқап қарап қалған.
АҚШ құпия қызметінің агенттері жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізушінің көлігін дереу қоршап алып, оған қару кезеп, ол бірден қолын жоғары көтерген.