Енді титул үшін күресуге лайықтымын деп ойлаймын
Қазақстандық жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов бүгін UFC 296 турниріндегі жеңісінен кейін мәлімдеме жасады.
Бүгін спортшы екінші раундта американдық Стивен Томпсонды тұншықтыру әдісімен жеңді. Осымен Рахмонов өз мансабындағы 18 жекпе-жектің барлығында мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Ассаламағалейкум, Қазақстан! Кеше өз Отанымда үлкен мереке - Тәуелсіздік күні болды. Сондықтан мен бүкіл елді құттықтағым келеді. Жекпе-жекке келетін болсақ, мен оны жеңгеніме қуаныштымын.
Енді титул үшін күресуге лайықтымын деп ойлаймын. Менің келесі қарсыласым бүгінгі чемпиондық жекпе-жекте жеңіске жеткен қарсылас болуы керек, - деді Шавкат Рахмонов.