×

Жерорта теңізінде кеме апатқа ұшырап, 61 мигрант қаза тапты

Жалпы, биыл Орталық Жерорта теңізінде 2500-ден астам адам қайтыс болған

 Еркеғали Болатұлы 17.12.2023 | 15:53
фото: РИА Новости/Михаил Воскресенский

Жерорта теңізінің Ливия жағалауында мигранттар мінген кеме суға батып кетті. Бұл туралы БҰҰ-ның Ливиядағы халықаралық көші-қон ұйымы хабарлады.

Ұйымның Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарланғандай, Ливия жағалауында қайғылы кеме апатынан кейін 61 мигрант, оның ішінде әйелдер мен балалар суға батып кеткен. Аман қалғандардың айтуынша, Зувара қаласынан шыққан кемеде шамамен 86 адам болған. Басқа мәліметтер әлі жарияланған жоқ.

CNN хабарлауынша, БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі жариялаған соңғы мәліметтерге сәйкес, биыл ғана Орталық Жерорта теңізінде 2500-ден астам адам қайтыс болған немесе із-түзсіз жоғалған. Сондай-ақ арна әлемнің басқа бөліктеріндегі сандар өте жоғары болуы мүмкін екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама