2 облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Жолдарды тазалауға 288 техника жұмылдырылған
Ауа райының нашарлауына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жамбыл облысында – 1 учаске (95 шақырым):
- «Алматы – Ташкент – Термез» автожолы, Кенен ауылы – Қайнар ауылы (Жаңа Қордай асуы) – 95 шақырым;
Жетісу облысында – 1 учаске (100 шақырым):
- «Үшарал – Достық», Көктұма бекеті – Достық бекеті – 100 шақырым.
Шектеу барлық көлік түрлеріне қолданылады. Дәл қазір республикалық маңызы бар автожолдарды тазалауға 288 техника жұмылдырылған.