17 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды

Халық үні

Қазгидромет ел аумағында 17 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады

Фото: yandex.ru

Қазгидромет ел аумағында 17 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен қар түсуі мүмкін. Еліміздің батысында қар қалың жауып, оңтүстік-батысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі», — делінген хабарламада.

Республиканың тек солтүстік, шығыс өңірлеріне антициклон сілемі әсерінен ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз сақталады.