Билет сатып алған жолаушыларға 100% мөлшерде қаражат қайтарылады
Жамбыл облысындағы ауа-райының күрт нашарлауы жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесінің бұзылуына әкеліп соқтырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ақтөбе станциясынан жүретін №34 Ақтөбе – Алматы-1 пойызының жүрісі 16 желтоқсанда уақытша 1 күнге тоқтатылады. Бұл құрам кесте бойынша 21 сағатқа кешіктіріліп жатыр, – делінген ҚТЖ хабарламасында.
Жоғарыда көрсетілген бағытқа билет сатып алған жолаушыларға 100% мөлшерде қаражат қайтарылады.
Ұлттық тасымалдаушы қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
Қосымша ақпаратты «1433» тегін нөмірі және «KTZH_PP_BOT» телеграмм-бот алуға болады.