357 арнайы техника жұмыстарын жүргізіп жатыр
Ауа-райының нашарлауына байланысты 5 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесінде қолданылатын көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Алматы облысы – 1 учаске (84 шақырым)
«Алматы – Ташкент – Термез 59-143 шақырым. Жаңақұрылыс ауылы – Жамбыл облысы шек. Шектеу көліктің барлық түрлеріне қолданылады (Жамбыл облысында ауа райының нашарлауына байланысты)
Атырау облысы - 1 учаске
«Ақтөбе – Атырау – Ресей Федерациясының шекарасы (Астраханьға қарай)» 712-893 шақырым, Жанбай кентінен Ресей Федерациясының шекарасына дейін (Астраханьға). Шектеу көліктің барлық түрлеріне қолданылады (жаңбыр, көктайғақ).
Жамбыл облысы – 4 учаске (505 шақырым)
Жетісу облысы - 1 учаске (100 шақырым)
«Үшарал – Достық». Көктум бек. – Достық бек. – 100 шақырым. Шектеу көліктің барлық түрлеріне қолданылады (боран, көрінуді шектеу)
Түркістан облысы - 1 учаске (61 шақырым)
«Алматы – Ташкент – Термез». 593-654 шақырым, Жамбыл облысы шек. – Машат ауылы – 61 шақырым. Шектеу көліктің барлық түрлеріне қолданылады (Жамбыл облысының ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты).
Желіде 616 жолшы, 357 арнайы техниканың көмегімен қардан тазалау және құм-тұз шашу жұмыстарын жүргізіліп жатыр.