Halyq Uni логотип
×

Шырша шауып алғандар 10 жылға сотталуы мүмкін

Полиция қазақстандықтардан көмек сұрайды 

 Дәурен Ерболат 16.12.2023 | 13:05
Шырша шауып алғандар 10 жылға сотталуы мүмкін
Фото: РИА Новости/Александр Кряжев

Жаңа жыл қарсаңында Қазақстанда «Шырша» жедел шарасы басталды, деп хабарлады ktk.kz.

Полиция мен табиғат қорғаушылары арнайы топ құрып, шыршаны шапқандармен күреседі.

Құжатсыз шырша сатқандарға жаза – қатаң. Полиция қарапайым тұрғындарды да аталған шараға ат салысуын сұрайды. Кесілген шырша үшін айыппұлдың ең аз мөлшері – 170 мың теңге. Тіпті, ұзақ мерзімге сотталуы да мүмкін.

Шығын 100 АЕК-тен (345 мың теңге, 1 АЕК – 3450 теңге) асқан жағдайда қылмыстық жауапкершілік көзделеді. Қылмыстық кодекспен іс-әрекеттің ауырлығына байланысты 160 АЕК көлемінде (552 мың теңге) не одан жоғары айыппұл немесе 10 жылға бас бостандығынан айырылады, - деді СҚО ПД Табиғат қорғау полициясы тобының инспекторы Көркем Ғалиулина.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігінің қазақстандықтарға ескерту жасағаны хабарланған еді.

Сонымен қатар Өскеменде полиция тәулік бойы рейд жүргізетіні белгілі болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама