Ақмола облысында жантүршігерлік көлік апатынан 5 адам қаза тапты
Олардың арасында балалар да бар
Есіл ауданында көлік апаты болып, 5 адам көз жұмды, деп хабарлады 716.kz.
Биыл 15 желтоқсанда Қостанай – Әулиекөл – Сурган автожолының бойында орналасқан Ковыльное ауылының маңында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды.
Қостанай – Әулиекөл – Сурган автожолының 244 шақырымында «Ваз 21145» көлігінің 2005 жылы туған жүргізушісі алдында жүріп бара жатқан «Ауди-100-ге» соғылған. Соңғы көлікті 30 жастағы жүргізуші басқарған. Ол Есіл ауданындағы Октябрь ауылына бара жатқан. Соққы салдарынан «Ауди-100» жолдың қарама-қарсы бөлігіне шығып, оған VOLVO жүк көлігі соғылған. Онда 1993 жылғы жүргізуші отырған.
Апат салдарынан 2 көлік те жолдың шетіне шығып, толық өртенген.
«Ауди-100-дің» 30 жастағы жүргізушісі алған дене жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Көлікте отырған 1983 жылғы ер адам, 1988 жылғы әйел, бір бала мен 3 айлық сәби жанып кетті», - деді дереккөз.