Биыл олар 34 мың теңге алған
2024 жылдан бастап Желтоқсан оқиғасына қатысқан павлодарлықтардың біржолғы төлемдері 6 есе өседі, деп хабарлады Павлодар облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.
Департамент мәліметінше, өңірде 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысып, оңалтудан өткен 9 адам тұрады.
007-Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек бюджет бағдарлама аясында 31 мамыр – Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне оларға біржолғы әлеуметтік төлем қарастырылады.
Биыл Павлодар облысында желтоқсаншылар 10 АЕК (34 500 теңге, 1 АЕК – 3 450 теңге) мөлшерінде төлем алған.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысы бойынша 2024 жылдан бастап облыс бойынша біржолғы төлем мөлшері 10 АЕК-тен 60 АЕК-ке дейін (221 520 теңге, 2024 жылы 1 АЕК 3 692 теңге болады) ұлғайтылды. Осылайша, Желтоқсан оқиғасына қатысқандар келесі жылы мамырда 221 520 теңге көлемінде біржолғы төлемдер алатын болады.