Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман болады деп болжанған
Метеорологтардың мәліметінше, 16-31 желтоқсан аралығында Қазақстанда аяздың әлсіреуі күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Желтоқсанның екінші жартысында Қазақстанның басым бөлігінде қарлы боранмен, екпінді желмен және көктайғақпен жауын-шашын болады деп күтіледі, екінші онкүндіктің соңында жекелеген аудандарда қатты жауын-шашын болады деп болжанған.
Ел бойынша үшінші онкүндіктің ортасында ғана жауын-шашынның қысқа мерзімді тоқтауы күтіледі.
Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман болады деп болжанған. Жалпы Қазақстан бойынша аяздың әлсірейді.
Осылайша:
елдің батысында ауа температурасы түнде 7-15 градус аяздан 5-3 жылуға дейін құбылады, күндіз 3-8 аяздан 0-10 жылуға дейін ауытқуы күтіледі;
солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта ауа температурасы түнде 12-28 градустан 2-10 градус аязға дейін көтеріледі, кейінірек температура 7-18 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 7-20 градус аяздан 0-10 градус аязға дейін көтеріледі, -5 градустан 5 градусқа дейін күн жылынады, кейінірек температура -5-13 аязға дейін төмендейді;
шығыста түнде 25-39 аяз -13 дейін көтеріледі, күндіз 17-25 градус аяздан -5 градусқа дейін жылынады деп күтіледі, кейінірек ауа температурасы 5-13 градус аязға дейін төмендейді;
оңтүстікте түнде 5-13 градус аяздан -5 градусқа дейін көтеріледі, күндіз 0-7 градус аяздан 0-10 градус жылуға дейін көтеріледі;
оңтүстік-шығыста кезеңнің басында түнде 8-26 градус аяз, күндіз 3-13 градус аяз, содан кейін түнде 5-18 градустан -5 градусқа дейін көтеріледі, күндіз 0-8 градус аяздан 3-10 градусқа дейін жылынады.