Өскеменде тәулік бойы рейд жүргізіледі
Заңды бұзғандарға қомақты айыппұл салынады
Өскеменде тәртіп сақшылары тәулік бойы рейд жүргізеді, деп хабарлады қалалық полиция басқармасы.
Жедел-профилактикалық іс-шара шыршаны заңсыз кесу және сату фактілерін болдырмауға бағытталған.
Биыл 15-31 желтоқсан аралығында Өскеменде тәулік бойы рейд жүргізетін мобильді топ құрылды, - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігінің қазақстандықтарға ескерту жасағаны хабарланған еді.