Қымбат көлікпен ереже бұзған алматылық 1,1 млн теңге айыппұлын төлемей жүр (ВИДЕО)
Джип айыптұраққа қойылды
Алматыда полиция қымбат көлікпен 1,1 млн теңгеге жол ережесін бұзған алматылықты анықтады, деп хабарлады Polisia.kz.
Құқықбұзушыны ЖПҚБ іздестіру бөлімшесі мен мамандандырылған батальонның қызметкерлері «Қорғау – қауіпті жүргізуші» автоматтандырылған жүйесі арқылы анықтады.
Қымбат Mersedes көлігінің жүргізушісі жол ережесін жиі бұзған. Әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасы – 1 млн 176 мың 450 теңге.
Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.