3 тұрғын үйдің жертөлесіне де кірген
Шығыс Қазақстан облысында қақаған аязда өзен арнасынан асып, Өрел ауылындағы бірнеше ауланы су басқан. Оқиға орнына Катонқарағай ауданының әкімі Ділдар Қалиқан барды, деп хабарлайды YK-news.kz.
Қазір су 9 аула аумағы мен шаруашылық жайларға жайылған. Сондай-ақ 3 тұрғын үйдің жертөлесіне де кірген.
Катонқарағай ауданының әкімі аталған жайтқа қатысты өзінің Instagram-дағы парақшасында пікір білдірді. Оның айтуынша, қазір аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен жергілікті атқарушы органдар суды шығару жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Өңірге қажетті техникалар жұмылдырылып, қажетті материалдар дайындалды. Өзен арнасын тазарту мақсатында арнайы техника жұмылдырылды. Жұмыс жалғасып жатыр, - деді Ділдар Қалиқан.