Компания жұмысында заң бұзылғаны анықталды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Яндекс.Таксиге» қатысты тергеу аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Тергеу қорытындысы бойынша компания бақылау-кассалық машиналардың бағдарламалық қамтамасыз етуін техникалық қолдау қызметтерін жүктеуде көрсетілген таксопарктердің экономикалық қызметін үйлестіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ «Яндекс.Такси» монополияға қарсы органға ақпарат бермегені үшін де әкімшілік жазаға тартылды.
Компания Қазақстанның цифрлық экожүйесін қолдау қорына өз еркімен 3 млрд теңге аударды.
Сонымен қатар агенттік пен «Яндекс.Такси» монополияға қарсы комплаенс жасасып, оның аясында мынадай шаралар кешенін іске асыру көзделді:
Сонымен қатар жолаушылар мен жүргізушілер мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ететін келесі жүйелі шаралар қабылданды:
Яндекс бағдарламалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ баға белгілеуге әсер ететін факторларды (ауа райы жағдайы, мереке күндері, сұраныстың артуы, жүргізушілердің болмауы және тағы басқа) егжей-тегжейлі зерделеу үшін IT саласындағы тәуелсіз аудиторлық компания агенттікпен, Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, алгоритмдік баға белгілеу аудитін жүргізеді.
«Яндекс.Такси» міндеттемелерінің монополияға қарсы комплаенс шеңберінде орындалуы агенттік жанындағы арнайы мониторинг тобының бақылауында болады. Оның құрамына кәсіби қоғамдастықтардың сарапшылары кіреді. Бұл туындайтын сын-қатерлерді уақтылы қарауға мүмкіндік береді. Болашақта бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактілері анықталған кезде агенттік заңнамада белгіленген тиісті шараларды қолданады, - деп жазылған хабарламада.
Комплаенспен толық мына жерден танысуға болады.