Halyq Uni логотип
×

Астанада 100-ге жуық жылу батареясын ұрлаған азамат ұсталды

Ұрлыққа ЖШС-нің бұрынғы қызметкері түскен

 Дастан Жұмабекұлы 15.12.2023 | 10:00
Астанада 100-ге жуық жылу батареясын ұрлаған азамат ұсталды
Фото: Halyq Uni

Астана қаласында ұрлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды. Polisia.kz-тің хабарлауынша, Сарыарқа аудандық ПБ полиция бөлімі қаладағы ЖШС-нің бірінен шойын батереялардың жоғалғандығын анықтаған.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 33 жастағы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған қала тұрғынын ұстады. Бұрын ол осы серіктестікте жұмыс істеген. Оның 93 жылыту батареясын ұрлағаны белгілі болды. Ол жылу батареяларының қайда орналасқанын, оларды ЖШС территориясынан қай кезде алып шығу ыңғайлы екенін жақсы біліп, қылмысын жоспарлы түрде жасаған.

Қолға түскен жігіт жылу батареяларын металл қабылдау орындарына тапсырып, содан алған қаражатты жұмсаған. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу болып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама