×

ҰҚК-дегі ауыс-түйіс: Шекара қызметінің директоры тағайындалды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінде кадрлық ауыс-түйіс жалғасып жатыр

 Қымбат Елтайқызы 23.05.2022 | 16:30
фото: ашық дереккөзден

ҰҚК төрағасының орынбасары – шекара қызметінің директоры жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда. Президент тиісті құжатқа қол қойды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Ерғалиұлы Алдажұманов Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – шекара қызметінің директоры лауазымына тағайындалды», – делінген ақпаратта.

ЕРЛАН АЛДАЖҰМАНОВ

1966 жылы 26 наурызда Семейде туған. 1987 жылы Ф.Э.Дзержинский атындағы жоғары командалық шекара училищесін, 2018 жылы Беларусь әскери академиясын бітірген.

Офицерлік қызметінде шекара заставасы, отряд бастығының орынбасары, өңірлік басқарма бастығының орынбасары, өңірлік басқарма шекара бөлімдері қолбасшысының орынбасары лауазымдарын атқарған.

2013 жылғы шілдеден 2019 жылғы қыркүйекке дейін – шекара қызметі директорының бірінші орынбасары - бас штаб бастығы. 2019 жылғы қыркүйектен бастап – «Оңтүстік» өңірлік басқарма бастығы.

Орден, медальдармен наградталған. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама