Halyq Uni логотип
×

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 10 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Осы мақсатта арнайы мемлекеттік комиссия құрылған болатын

 Динара Амантай 15.12.2023 | 09:55
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 10 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: primeminister.kz

2022-2023 жылдар аралығында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Президент тапсырмаларын сапалы әрі уақтылы орындау мақсатында премьер-министр Әлихан Смайыловтың өкімімен арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Оның құрамына құқық қорғау органдарының, министрліктер мен әкімдіктердің өкілдері кірді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген 10 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды. Сондай-ақ жайылымдық жер тапшылығы мәселесінің өзектілігін ескере отырып, қайтарылған жерлерді тиісті елді мекендерге бекіту арқылы басым тәртіппен шаруалардың қажеттіліктері үшін беріліп жатыр.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауда «AMANAT» партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының қоғамдық-партиялық бақылауы маңызды факторға айналды. Атап айтқанда, комиссия қайтарылатын жерлерді қайта бөлуді бақылаумен айналысты.

Жерді халық арасында одан әрі әділ бөлу мәселелері Үкіметтің ерекше бақылауында болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама