Жамбыл облысында төтенше жағдай жарияланды
«Қазақстан темір жолы» АҚ ауа райының қолайсыздығына байланысты 21 пойыздың кешігіп келетінін хабарлады.
Бүгін Жамбыл облысы Қордай және Шу аудандарында қатты жел соғып, аяз түскен. Осыған байланысты аталған аудандарда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Осыған байланысты «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы станцияға келетін мынадай пойыздар кешігетінін ескертті:
Биыл 15 желтоқсанда № 51/52 Алматы 2 – Орал және №41/42 Алматы 2 – Атырау бағыты бойынша жолға шығатын пойыздардың кестесі де өзгерген. Тальго №41/42 Алматы 2 – Атырау және кері бағытта пойыз билеттерін сатып алған жолаушылар №511/512 Алматы 2 – Атырау стандартты пойызымен, ал №51/52 Алматы 2 – Орал бағыты бойынша және кері бағытта Тальго пойызына билеттерді сатып алған жолаушылар №509/510 Алматы 2 – Орал стандартты пойызымен жүреді, - деп жазылған хабарламада.