Бозбаланың денесі 14 желтоқсанда сағат 14:00 шамасында табылды
Өскеменде 13 желтоқсанда із-түзсіз жоғалған 17 жастағы бозбаланың денесі бір күннен кейін табылды. Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Полиция департаментінің мәліметінше, 13 желтоқсанда полицияға хабарласқан әйел ұлының жоғалып кеткенін айтқан.
Сол күні ол түскі уақытта үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмады. Іздестіру жұмыстарына полицейлер мен еріктілер жұмылдырылған, - делінген ақпаратта.
Бозбаланың денесі 14 желтоқсанда сағат 14:00 шамасында табылды. Алдын ала болжам бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған.
«Қазір барлық мән-жай анықталып жатыр. Өзге ақпаратты жария етуге тыйым салынған», - делінген хабарламада.