«Ақтөбедегі мектепте 13 жасар оқушы көз жұмды»: тың дерек шықты
Оқушы партаның қырына тамағын соғып есінен танып қалған.
Ақтөбедегі мектепте 13 жастағы оқушы көз жұмды. Мұғалімдердің айтуынша, сыныпқа жүгіріп кірген оқушы шалынып құлаған. Роман партаның қырына тамағын соғып есінен танып қалған. Ауруханаға ес-түссіз жеткізілген ол дәрігерлердің барын салғанына қарамастан жарты сағаттан кейін демі үзілген, деп хабарлады КТК арнасы.
«Мұғалім мектептің медбикесін дереу шақырды. Бірінші жәрдем сол жерде көрсетілді. Содан кейін жедел жәрдем шақырылды және ата анасы шақырылды. Жүгіріп келе жатқан ғой, кабинеттен кабинетке көшпей ме, сол кезде өзінен өзі құлаған. Аяғына шалынып құлады ма, қасында ешкім болған жоқ, кабинетте мұғалім отырды», - дейді . Ақтөбе №27 мектеп-лицейінің директоры Дәуір Түлемісов.
Директордың айтуынша, қайғылы жағдай физика пәні басталар алдында болған. Сыныпта тағы 4-5 оқушы жүрген екен. Оқу орнына тергеушілер келіп жауап алып кеткен.Оқиға орынан қарап, бейнекамералардың жазбаларын тәркілепті. Бірақ олар тек дәлізде орналасқан.
Жетінші сынып оқушысы Роман Новиков озаттар қатарында болған. Пән олимпиадаларына жиі қатысады екен. Оның сыныптастарымен психологтар жұмыс істегені. Мектеп әкімшілігі марқұмның отбасына қолдан келген көмекті аямаймыз деп отыр.
«Оқиға орнына полиция басқармасының жедел тегеу тобы мен Ақтөбе қаласының прокуроры барды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 141-бабы 2-бөлігі бойныша сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды. Іс бойынша прокурор тағайындалды. Тергеу облыс прокурорының жеке бақылауына алынды», - дейді Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Кәмшат Сәлімгереева.