Түнде Алматы облысының оңтүстік-шығысында 30-31°С өте қатты аяз сақталады.
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 15 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Әлі де, республикамыздың басым бөлігіне, суық Солтүстік-батыс антициклоны өз әсерін тигизеді, осыған байланысты көбінесе жауын-шашынсыз, аязды ауа райы сақталады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. ҚР бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте тұман болжануда.
Түнде Алматы облысының оңтүстік-шығысында 30-31°С өте қатты аяз сақталады. Жетісу облысының Алакөль көлінің аумағында, түнде және таңертең Түркістан таулы асуларында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының шығысында, орталығында кей уақыттарда өте күшті жел 30 м/с немесе одан да аса болады деп күтілуде.