Қарағанды облысында бір ауылдың сиырлары құтырмамен ауырып жатыр

Еркеғали Болатұлы

Мал иесіне нарықтағы бағамен өтемақы төленеді

фото: 24.kz

Қарағанды облысының Жарлы ауылында ірі қара құтырма ауруын жұқтырған. Бұл туралы ветеринарлық қадағалау комитеті облыстық инспекциясының мамандары айтты.

Әзірге екі сиырдың көзі жойылды. Мал иесіне нарықтағы бағамен өтемақы төленеді.

Қатерлі індет жабайы аңнан жұққан болуы мүмкін, - дейді ветеринарлар.

Қазір ауылда шектеу шаралары енгізілген.

Эпизотияға қарсы қызмет зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ет пен сүт өнімдерін сатуға тыйым салынды. Елді мекенге кіріп-шыққан көліктің бәрі тексеріледі.