Halyq Uni логотип
×

Ресей Украинаға дронмен шабуылдады

11 адам зардап шегіп, 1 адам қаза тапты

 Дастан Жұмабекұлы 14.12.2023 | 13:45
Ресей Украинаға дронмен шабуылдады
Фото: bbc.com

Ресейдің әскері Украинаның Одесса облысына «Шахед» дроны және С-300 ракетасымен шабуыл жасады.

Шабуылдан 11 адам зардап шекті. Арасында үш бала бар. Бір адам қаза тапты деген дерек шықты. NEXTA Live-тің хабарлауынша, 5 адам ауруханаға түскен. 42 дронның 41-і атып түсірілген. Біреуі ғана нысанаға дәл тиген.  

Ресей Қорғаныс министрлігі түнде 9 дронның атып түсірілгенін хабарлады. Оның екеуі Мәскеуге қарай ұшқан. Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің айтуынша, дрон бөлшектері құлаған жерде зардап шеккендер жоқ. Ешқандай ғимарат та қираған емес.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама