Тоқаев Қырғызстанға не үшін барады

Қымбат Елтайқызы

Сапар 26 мамырға жоспарланған

фото: Halyq Uni

26 мамыр күні Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Екі мемлекет басшысы Бішкекте шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр. Келіссөздер барысында саяси диалогты одан әрі күшейтуге, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға мән беріп, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту мәселелері қарастырылмақ», – делінген ақпаратта.

Келесі күні, яғни 27 мамырда Тоқаев Ақордада Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес отырысына бейнебайланыс режимінде қатысады.