Елімізде аяздың қашан сынатыны белгілі болды
Шығыста төмен температура мен аяз сақталады
Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады және аяз сейіледі. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Қазақстанның шығысында арктикалық антициклон орнады. Сондықтан онда төмен температура мен аяз сақталады.
15-16 желтоқсанда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың батысына, оңтүстігіне және оңтүстік-шығысына қар жауады, жел күшейіп, боран соғады, таулы аймақтарда тұман болады. Сондай-ақ елдің батысында шаңды дауыл тұрады деп күтіліп отыр.
Ауа температурасының түнде бірте-бірте көтерілуі мүмкін:
- батыста -5-15°С-қа дейін;
- солтүстік-батыста және орталықта -10-25°С-қа дейін;
- солтүстікте -17-28°С-қа дейін;
- оңтүстікте -5-18°С-қа дейін;
- оңтүстік-шығыста -10-25°С-қа дейін.
Қазақстанның шығысында -30-40°С аяз сақталады.