Эвакуацияланған адамдар Көкшетау қаласындағы жылу пунктіне жеткізілген
Бүгін түнде Астана – Петропавл тас жолында Тәжікстанның 31 азаматы, оның ішінде екі бала эвакуацияланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, эвакуацияланған адамдар Көкшетау қаласындағы жылу пунктіне жеткізілген. Сондай-ақ 9 желтоқсанда құтқарушылар 28 шетелдікті эвакуациялады.
Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайға тап болсаңыз, дереу 112-ге хабарлауыңызды ескертеді.