Шымкентте құны 1 млрд теңгеден асатын жер учаскелерінің иелері әлеуметтік шарттарды орындамаған

Динара Амантай

116 гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Фото: Halyq Uni

Шымкент қаласының прокуратурасы өз келісімшарттық міндеттемелерін орындамаған 17 жер қойнауын пайдаланушыны анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Атап айтқанда, мемлекеттен пайдалы қазбалары бар жерлерді алғанда жер қойнауын пайдаланушылар бірқатар шартты, оның ішінде әлеуметтік сипаттағы шарттарды орындауға міндеттеледі. Алайда барлық жер қойнауын пайдаланушылар өздерінің келісімшарттық міндеттерін адал орындамаған.

Осыған байланысты прокуратура қасақана бұзушыларға қатысты шаралар қабылдау бойынша қадағалау актісін енгізіп, нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар 7 келісімшартты бұзып, мемлекетке кадастрлық құны 1 млрд теңгеден асатын 116 гектар жер учаскесін қайтарды. Ал 10 келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушылар оларға жер беру үшін негіз болған 6 млн теңгенің шарттарын орындады, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сондай-ақ прокурорлар жер қойнауын қандай да бір құқық белгілейтін құжаттарсыз заңсыз өндірудің 5 фактісін анықтап, кінәлілерді ӘҚБтК-нің 139-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.