«Артында 1 жасар баласы қалды»: Атырау облысында жүкті келіншек ауруханада қайтыс болды

Халық үні

Әйел жүктіліктің 36-аптасында болды.

Фото: astanatv.kz

Атырау облысында жүкті келіншек аурухана төсегінде көз жұмды. Марқұмның артында 1 жасар баласы қалды, - деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны денсаулығына байланысты шағыммен дәрігерге жүгінген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, әйел ауруханаға 5 желтоқсан күні түскен. Дәрігерлер «Жедел респераторлық ауру. Жедел фарингит» диагнозын қойған.

Ол ертесіне жансақтау бөлімінде көз жұмды. Жүктіліктің 36-аптасында болған.

Оқиғаға байланысты аудандық полиция бөлімі «Медицина жұмыскерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы» бабымен іс қозғады. Сараптама тағайындалды. Марқұмның артында 1 жасар баласы қалды.

«Қазір аталған дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 317-бабы 3-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды», - деді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.