Көршілердің пәтерлері өртеніп кете жаздады
Ақмола облысы Шортанды ауданының Бозайғыр ауылында бір үй екі рет өртенді.
Ақмола облысы төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша, өрт 11 желтоқсанда сағат 23:51 шамасында сегіз пәтерлі тұрғын үйдің №6 пәтерінде болған.
Өрт сағат 00:30-да оқшауланып, сағат 01:30-да сөндірілді. Жарақат алып, зардап шеккен адам болған жоқ.
Бүгін таңертең сағат 08:35-те сол үйден тағы бір өрт шықты. №7 пәтер өртеніп кете жаздады. Қазі өрт сөндірілді. Оны сөндіруге Ақмола облысы ТЖД-дан жеке құрамынан 11 адам және 2 техника, Астана қаласы ТЖД-дан 8 адам тартылды. 3 техника келді. Өрттен жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оның шығу себебі анықталып жатыр, - делінген облыстық төтенше жағдайлар басқармасының хабарламасында.
Айта кетсек, кеше Алматыда да жанып жатқан үйден бес адамнан тұратын отбасы құтқарылған болатын.