Halyq Uni логотип
×

«Одақтас дегеніміз осы ма?!»: Ресейде Қазақстан азаматтары тексеріліп жатыр (ВИДЕО)

Қоғам белсендісі Сыртқы істер министрлігі көрші елге нота жариялау керектігін айтты

 Дастан Жұмабекұлы 23.05.2022 | 13:43
«Одақтас дегеніміз осы ма?!»: Ресейде Қазақстан азаматтары тексеріліп жатыр (ВИДЕО)
фото: www.facebook.com/sterling.kz

Блогер Денис Кривошеев Facebook-тегі парақшасында Мәскеудегі әуежайда қазақстандықтардан жауап алынып, телефондары толық тексеруден өтіп жатқанын айтты.

Оның айтуынша, әуежайда адамдардан жауап алынып, олардың телефондарын тексерген. Осындай заңсыз тексеру кем дегенде 2-3 сағатқа созылған.

Мәскеу Еуразиялық одаққа мүше елдердің азаматтарына жаңа заң ойлап тапқан ба?! Одақтас дегеніміз осы ма?! Меніңше, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейге нота жариялап, оның елшісінен түсініктеме алу керек. Маған Мәскеуге барған жолаушылар жазып жатыр. Оларды тексерген адамдар жеке куәлігіндегі чип дұрыс емес дегенді айтқан көрінеді. Ер адамдарды неше түрлі сылтаумен қатты тексеріп жатыр екен. Қазақстан азаматтары төлқұжаттағы сәйкестендіруді көрсеткісі келсе, төлқұжаттарын тартып алатындарын айтыпты, - деді ол.

Желіде блогердің жазбасына байланысты пікір қалдырып жатқандар Мәскеудің әуежайы мен құқық қорғау органдары қызметкерлерін сынап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама