Halyq Uni логотип
×

«Құралайдың салқыны»: кейбір өңірде -2 градусқа дейін аяз болады

Жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы аздап төмендейді

 Еркеғали Болатұлы 23.05.2022 | 13:42
«Құралайдың салқыны»: кейбір өңірде -2 градусқа дейін аяз болады
фото: ашық дереккөз

Қазір еліміздің бірқатар өңірінде ауа температурасы төмендеп, үсік жүреді деп болжанып отыр.

Синоптиктердің болжамынша, Екатеринбург аймағынан келетін циклонмен байланысты атмосфералық ағымдардың әсерінен республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ түсуі мүмкін. Ал 26 мамырда түнде солтүстік-батыста нөсер жаңбыр жауады деп күтіліліп отыр.

«Кезең соңында елдің батысына солтүстік-батыс антициклоны тарайды. Жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы аздап төмендейді деп болжануда. 24 мамырда түнде және таңертең орталық пен шығыста, 26 мамырда батыста топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін», - делінген хабарламада.

Құралайдың салқыны дегеніміз – Қазақстанның орталығы және солтүстік аумақтарында шамамен 20 мамырдан басталып, оншақты күнге созылатын ауа райының құбылмалы күндері. Табиғат құбылыстарына байланысты халықтық қағидаларда қалыптасқан амал. Көбінесе адамға да, малға да жайсыз қара суық, ызғырық жел еседі не жауын-шашынды болады. Осы кезде киіктің лағы (құралайы) аяқтанады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама